Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқармақ

25 просмотров

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 75,5 млн тоннаға дейін азайтылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі мұнай компанияларының негізгі бөлігі былтырғы қаржылық жылды теріс көрсеткіштермен аяқтаған.

«Былтыр 61 компанияның 36-сы қаржылық жылды теріс көрсеткіштермен аяқтаған», — деді ол.

Вице-министрдің сөзі бойынша, 2015 жылы бұрғылау көлемі 2,5 мың метрден, 1,5 мың метрге дейін қысқарған.

Болжам бойынша, биыл жаңа ұңғымаларды бұрғылау көлемі де 50 пайызға төмендемек.

«2014 жылы біз 8,5 млн. тонна өндірсек, 2015 жылы 79,5 млн. тонна алдық. Болжам бойынша, ағымдағы жылы 75,5 млн тонна мұнай өндіреміз. Көріп отырғанымыздай, мұнай өндіру саласы тұралап барады. Себебі мұнай өндірушілер жақсы бағамен өнім сата алмауда, сондықтан жаңа көлем түгілі ағымдағы деңгейге тапсырыс бере алмайды», — деп атап өтті вице-министр.

Загрузка...