Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда көмір мен жел энергиясының бағасын теңестірмек

Оның ойынша, елімізде күн және жел энергиясы сияқты баламалы қуат көздері жылдам дамиды деген болжам бар.

«Неге десеңіз, соңғы жылдары әлем бойынша аталған энергия көздерінің бағасы төмендеп келеді. Себебі күн панельдерін өндіру бағасы 60 пайызға арзандаса, жел энергетикасына қажетті құрал-жабдықтарды шығару құны 50 пайызға төмендеді. Мәселен, Дубайда өткен соңғы аукционда 800 МВт күн энергиясының 1 Кв/сағаты 3 АҚШ центіне сатып алынды. Тура бір жыл бұрын оның бағасы 5 цент болған.

Бұл жағдай баламалы энергия көздерінің арзандап келе жатқанын көрсетсе керек. Бәріміз жақсы білеміз, қазіргі кезде көмір станциялары нарығындағы баға шамамен 8 теңге. Ал 3 цент ол (қазіргі курспен) – 10 теңгенің айналасында. Осыған байланысты алдағы екі-үш жылда баламалы энергия көздері дәстүрлі энергетикамен бәсекеге түсе алады деп ойлаймыз», – дейді Қанат Бозымбаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мамыр айында шыққан «Баламалы энергия көздері туралы» заңға сәйкес, энергетика министрлігі баламалы энергетика саласындағы саясатты жүргізетін мемлекеттік орган ретінде анықталды. 2020 жылға дейін Қазақстандағы баламалы энергия көздерінің көлемі 3 пайызға жетуі тиіс. Ал 2050 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру жоспарда бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз