Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда көлік апатынан қайтыс болғандардың саны Сириядағы соғыстан өлгендерден көп

Қылмыс арамшөп сияқты. Бірін жұлсаң екіншісі шығады. Ал онымен күресуге жалғыз полицейлердің күші жетпейтінін бүгін Ішкі Істер министрінің өзі мойындады. Оның үстіне қаптаған камералардан да қорықпайтын педофилдер тура көше ортасында ұл-қызды зорласа, қарақшылар тапа-тал түсте үйінен, жұмысынан шыққан адамдарды тонап жатыр. Алайда барынша ақталып баққан Қасымовтың есебін премьер аса жақтырған жоқ. Полицейлердің жұмысына көңілі толмаған Сағынтаев қылмыстың алдын алуды америкалық шерифтерден үйренуге кеңес берді.

Қылмысты ғана  емес, Ішкі Істер министрлігі жантүршігерлік апаттарды ауыздықтай алмай отыр. Күре жолдарда қырылған жолаушылардың саны Сириядағы соғыстан өлгендерден көп. Әсіресе, Оңтүстіктің жолдарында үлкен-кіші жүгенсіз жүргізушілердің кесірінен жер жастануы азаяр емес.

Мұндай сорақылықтың алдын-алу үшін Білім министрі алғашқы әскери дайындық сабағына жол ережесі пәнін қосып оқытуды ұсынды. Алайда  оқушылардың тағы миын ашытқаннан ештеңе шықпайды дегендер де табылды. Ал Ішкі Істер министрі ұры-қары мен қарақшыларды ізін суытпай ұстау үшін көшелердегі камералардың санын көбейту керек деп отыр. Бірақ, бұған да бюджеттің миллиондары керек. Қасымов жаңа технологияның мақтауын асырғанымен, баскесерлер оны айналып өтудің жолын әлдеқашан тауып алған.

vlcsnap-2014-06-25-19h12m34s85

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз