Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанда өңірлік әскердің құзіретін күшейтпекші

Бұрындары бұл қызмет ведомство функцияларында болмаған еді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер де қолданыстағы заңда Қорғаныс министрлігі мен Бас штабта бүгінде, сәйкесінше 27 және 17 өкілеттік бар, ал осы заң жобасында біз 51 және 35 өкілеттікті қарастырып отырмыз. Қосымша қызметтер бүгінде ұсынылып отырған топтарға сәйкес келіп отыр. Мысалы, Қорғаныс министрлігі функцияларына әскери қауіпсіздік саласында ақпараттық кеңістіктің мониторингісін және өзінің құзыреті шегінде қауіп-қатер көздеріне қарсы іс-қимылды енгізіп отырмыз»,-деді министр.

Жасұзақовтың айтуынша, заңнама «жауынгерлік қабілеттілік», «арнайы операциялар», «өңірлік әскерлер», «қорғаныс зерттеулері» секілді жаңа ұғымдарымен толықтырылды.

Заң жобасының негізгі мақсаты қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге негізделген. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңдарына Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құзыреттерін кеңейтуге, әскери қызмет өткеру тетігін және аумақтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.

Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз