Қазақстанда iPhone 7 кемінде 612 мың теңгеден сатылады

297 просмотров

Қазақстанда iPhone-ның жаңа моделі 17 қыркүйектен бастап сатыла бастайды. Алдын-ала тапсырыс бойынша оның бағасы 612  мың теңгеден 782 мың теңгеге дейін жетеді.

32 гигабайттық жадылы iPhone 7 612 мың теңгеге сатылады, 128 Гб — 680 мың теңге; 256 Гб — 748 мың теңге.

Тура осындай жадылы iPhone 7 Plus-тің бағасы: 32 Гб — 646 мың теңге; 128 Гб — 731 мың теңге; 256 Гб- 782 мың теңге, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әзірге Қазақстанда бұл айфондарға 35 тапсырыс жасалыпты.

photo_194318

Загрузка...