Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда газ тапшылығын монополист компаниялар қасақана тудыруы мүмкін

101

Ақтөбедегі газ құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезектің пайда болғанына екі ай болған. Егер кезек болмаса, газдың мүлде жоқ болғаны немесе тек мекемелерге талон арқылы берілетінін білдіреді. Қазіргі уақытта қаладағы көптеген газ құю бекеттері бос тұр.

Ал бір-ер газ құю бекетінде газдың литрі 37 теңгеден сатылып жатыр.

– Газ құю беткенінің жанында тұрамын. Сұйытылған газ бар екенін көрген бетте дереу көлікке мініп, кезек күтемін. Үш ай болды, осылай жүргеніме. Жергілікті билік түйінді шешіп, ортақ мәмілеге келетін уақыт жетті. Қымбат болса да аламыз,- дейді жүргізуші Мәлім Құрманов.

Газ тапшылығы тек Ақтөбеге тән проблема емес. Орал, Қостанай қалаларында да ұзын-сонар кезек бар. Бұл мәселені тек жергілікті биліктің есебінен тыңдап, мәліметті жинап отырған Энергетика министрлігі енді аймақтарға шығуды жөн санапты. Министрліктің баспасөз хатшысы Асқар Жалдиновтың айтуынша, арзан газ Ресейге кетіп жатыр

– Қазақстан ішіндегі нарықта газ тапшылығы болмауы керек. Газ жеткілікті. Зауыттар уақытылы өңдеп, шығарып жатыр.

Таратушылардың газды неліктен ұстап отырғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Ақтөбе облысында газға деген сұраныс 2-3 есе өссе де сұйытылған отын жетуі тиіс,- дейді ол.

Болжам бойынша, газ Ресейге кетіп жатыр. Себебі, ол жақта қымбат. Бағаны көтеруге осы себеп болды. Негізінен газға қатысты сұрақтың бәріне жергілікті билік жауап беру тиіс. Барлық проблеманы реттеу әкімдікке жүктелді,- дейді ол.

Алғашында 4800 тонна газ жетпейтінін, тамыз айына 5 мың тонна квота сұралғанын айтқан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы соңғы кездері қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

Қазір «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «ҚазақОйл» серіктестігі газдың тоннасын 23 мың теңгеден өткізіп отыр. Зауыттар өз міндетін атқарғанымен, бекеттерде жағдай басқаша. Бұған қарапайым жүргізушілер де күмәнмен қарай бастады. Олар бұл бағаны тағы да көтеру үшін қолдан жасалып отырған тапшылық деген пікірде.

Себебі, 20 мың көлікке жеткілікті газ жергілікті жерде өндіріледі. Энергетика министрлігі шекті бағаны 30 қыркүйекке дейін бекітті. Күзге қарай бағаның өсетінін немесе сол күйі сақталатынын ешкім дөп басып айта алмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз