Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда биыл 38 экстремист пен террорист сотталды

Кездесуде Жоғарғы сот судьясы Қамбар Нұрышев терроризм мен экстремизм бүкіл әлемдік қауымдастық үшін қауіп-қатер төндіріп отырғандығын және жыл өткен сайын ауқымы артып келе жатқандығын атап өтті.

– Бұл қылмыс Қазақстанда да кеңінен етек жайып барады. Көбінесе дүниетанымы толық қалыптаспаған жастар терроризм идеологиясының жетегінде кетіп отыр. Қазіргі таңда терроризм тактиканы ауыстырып, неғұрлым белсенді әрі ұтқыр бола түсуде, – деді ол.

ҚР Бас прокуратурасы Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесін қорғау департаментінің басқарма бастығы Марат Нұрмұхамедов биылғы жылдың бес айының ішінде елімізде экстремизм мен терроризм бойынша 38 адамның сотталғанын мәлімдеді. Олардың кейбірі Украина мен Сириядағы әскер қақтығыстарға қатысқан.

АҚШ-тан келген судья Ричард Стернс мырза әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды террорлық актілерге шақырумен күресте америкалық әріптестері қолданатын тиімді әдістер, сондай-ақ соғысқа қатысып, Отанына оралғандармен қалай жұмыс істеу қажеттігі туралы ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың судьялары, Массачусетс штаты (АҚШ) федеральдық округтік сотының судьясы Ричард Дж. Стернс, ЮСАИД ұйымының демократия, адам құқықтары мен мемлекеттік басқару бөлімінің директоры Бриони Джеймс, Бас прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және тағы басқалары қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз