Қазақстанда бала туа салысымен балабақша кезегіне қойылатын болады

38 просмотров

Бұл жаңашылдық „Цифрлық Қазақстан-2020„ бағдарламасы аясында енгізілмекші.

Қазақстанның электронды үкіметі жинақы жұмысқа көшіп, Қазақстан азаматына мұнда туа салысымен қызмет көрсетіледі. Мысалы, дүние есігін аша салысымен бала автоматты түрде балабақша және мектептің кезегіне қойылады деп хабарлады ҚазАқпарат.

„Біз үйден шықпай-ақ үкіметтің қызметіне жүгіну үшін не істей аламыз деген мәселені мемлекеттік органдармен, бизнеспен, азаматтық қоғаммен талқыладық. Біз бір нақытама алатын бір реттік қызмет туралы айтып жатқанымыз жоқ, ондай кезеңнен өтіп кеттік. Біз енді кешенді қызмет түріне көшудеміз.

Яғни, Сіздің балаңыз дүниеге келсе, мекен-жайыңыз бойынша автоматты түрде оның қай балабақшаға баратындығы анықталады, сол секілді мектептің кезегі де анықталады. Сол секілді басқа да өмірге қажетті қызметтерді де қарастырмақпыз„ деді „Үкімет трансформациясы„ атты дөңгелек үстел талқысынан кейінгі сөзінде „Зерде„ холдингінің бағдарламаларды басқару департаментінің директоры Әлібек Ерғалиев.

Оның айтуынша, көп қағаздан құтылу қызметтің жылдам көрсетілуіне ықпал етеді. Ал осы қызметті жасауға тартылатын мамандар қазір кәсіби біліктілігін арттырып жатыр.

Загрузка...