Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда Атазаң, Нұрлыжол, Нұротан және Ақорда есімді балалар бар екен

177

Елімізде Қазақстан және Тәуелсіздік есімді балалар да бар екен. Ал Отан есімді 23 бала болса, Елбасы есімі 35 балаға қойылған. Астана есімі 10 балаға берілсе, 13 бала Теңге есімін алған.

11 адамның есімі Нұрлыжол, 9 адамның аты Нұротан және Бәйтерек есімді 53 адам бар. Тағы 3 адам Мәңгілік және 2 Ақорда бар екен. Қазақстанда бір адамның есімі Атазаң екен.

“Тәуелсіздік жылдары туған балалардың саны 2014 жылға – 399 мың бала, 2015 жылға – 398 мың және 2013 жылға – 387 мың бала. 1999 жылы балалар дүниеге аз келген”, – делінген Статистика комитетінің мәліметінде.

Тәуелсіздік жылдарында ұлдар арасында Ерасыл, Диас, Азамат, Руслан, Санжар және Мирас есімдері көп қойылса, қыздарға Аружан, Айдана, Диана, Аяулым, Алина, Мадина, Айзере, Айару, Арайлым есімдері көп беріліпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз