Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда жасалған дәрі Қырғызстанның екі азаматын өлтірді

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

“Қырғыз Республикасының бас прокуратурасы Ұлттық физиатрия орталығы мен дәрі-дәрмек және медициналық техникамен қамтамасыз ету департаментінің қызметтік тұлғаларына қатысты ФС-1 – туберкулезге қарсы дәрісін заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.

Тергеу кезінде анықталғандай, орталық дәрігерлері “Дәрілік заттар туралы” заңды бұза отырып, ФС-1 дәрісіне клиникалық сынақ жасау туралы Қазақстан Республикасының “Жұқпалы ауруларға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы” акционерлік қоғамымен келісімге отырған.

Клиникалық сынақ өкпе тубуркулезіне шалдыққан және дәрілік төзімділігі бар 54 науқасқа жүргізілген. “Дәріні қолдану кезінде 10 науқаста үстеме әсер пайда болған, сонымен қатар екі адам көз жұмған”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс “қызметтік бабын асыра пайдалану” және “қызметтік алдау” баптары бойынша қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз