Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Билік неге қазақтың ұлтшылдығынан қорқады?

Тағы бір керағар факт: КСРО-да ұлтшылдық қанша жерден жаман нәрсе ретінде көрсетілгенімен, орыстың ұлтшылдығы қанатын кеңге жайып, көзге ұрып тұрды. Орыстар өзге ұлттарға ана тілінде сөйлеуге тыйым салып, өздері өктем сөйлеуге құқылы болды. Бұл тарихи шындық. Ал қазір ұлтшыл сөзінің ешқандай жамандығы жоқ.

Қазіргі Қазақстанда біреу «қазақстандық» деудің орнына «қазақ» десе – денесіне шоқ түскендей орнынан ыршып түсетіндер аз емес. Бұл – кезінде қазақ деген сөзге салынған тыйымнан қалған қорқыныш. Иә, Кеңес үкіметі тарихта мұндай ұлт болмағандай еткісі келіп, талай тер төкті. Ортамызда төл тарихын қырғыз тарихы ретінде оқыған аға-әпкелеріміз бар әлі. Бірақ ол заманның өтіп кеткенін неге әлі ұғынбай жүрміз-ей?

Тағы да шегелей түселік… Мысалы, саясат ғылымының кандидаты, профессор Лейла Ахметова өзінің докторлық диссертациясында ұлтшылдық, қазақ патриоттығы деген ұғымның жақсы мағынада қолданылуы шарт екенін былай жетізген:

«Кез-келген ұлттың кез-келген патриоттық белгісі болуына толықтай қақысы бар!

Қазақстандық патриоттық та, қазақ патриоттығы да жақсы ұғымда көрсетілуі тиіс. Бұл жерде ешқандай шектеу болмауы керек.

Бір мемлекетте патриоттықтың екі түрі бола береді. Елде 130 этнос бар десек, қазақстандық патриоттық болу керек, бірақ мемлекет құрушы ұлт – қазақтарсыз біздің тарихымыз болмайды. Сондықтан Қазақстан саясатында патриоттықтың осы екі түрі қатар көрініс тауып, дамып-өркендеуіне толықтай негіз бар. Мұны дауға айналдыруға болмайды».

Бұл саясат саласы маманының ғылыми еңбегі. Осыны биліктегі жалтақ ағалар мен апалар оқып, ойға салса дейміз. Мүмкін, сонда олардың залал тиген санасы, қисайған психологиясы өзгеріп, сауығар. Бірақ өкінішке қарай, мұндайдың мүмкін емес екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Өткенді аңсайтындер билікте болмауы керек!

Халық психологиясын, санасын әбден зерттеген неміс ғалымдары ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Германияда белсенді болған адамдарды билік басына жолатуға болмайды, деп тұжырым шығарады. Мұны растаған саясаттанушы Әзімбай Ғали кеңестік кезең адамдарының дәуірі өткен соң ғана Қазақстанда нағыз тәуелсіз елдің халқы тұратын болады деп пайымдайды.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

 Әзімбай Ғали

Әзімбай Ғали

– Германияда Гитлердің кезінде басшылық қызметте болған адамдар үкімет, парламент түгілі мектепке сыпырушы ретінде де жұмысқа алынбайды. Өйткені ескіні көксеген адамдармен елді алға жылжыту мүмкін емес. Бастысы, жастардың санасын өткенмен улауға болмайды, дамуға бет алған кез-келген ел тек алға қарап, бүгінгі күннің өмірімен өмір сүреді. Әрине, өткенге баға берілуі тиіс. Германия мұны тез дамуы үшін тез жасады. Ол арада өткенді көксеу деген жоқ. Ал бізде ше? Бізде мұндай қадамдар жасалмады ғой. Өткеннің адамдары мектеп тұрмақ, билік басында қаптап жүр. Одан кейін біз тарихқа қалай баға береміз? Ал тарихы бағасын алмаған ұлттың санасында сілкініс, даму болмайды.

Ұлт өз тарихын өзі жасай алмаса, оны өзгелер жасап береді

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов тәуелсіздік алғаннан бері өткен тарихымызды қорытып, бір тұжырым жасай алмауымызға Ресейдің ақпараттық-саяси ықпалы бар деп санайды:

Уәлихан Төлешов

– Ұлтымыздың тарихын өзіміз жасай алмасақ, оны өзгелер өз мүддесіне қарай, қалай болса, солай жасап бере салады. Қазір ақпараттық экспансия күшейіп тұрғанда, бұл оп-оңай. Ал оған жол беру – көптеген ғасырлар осы кең байтақ жеріміз үшін қасық қаны қалғанша жан алысып, жан берісіп, күрескен ата-бабаларымыздың алдындағы бүгінгі ұрпақтың кешірілмес үлкен күнәсі болады. Өзге арналарды шектей алмасақ та оларға бәсекелесе алатындай, ақпараттық кеңістік құруымыз керек. Тарихымызға баға беруді кешіктірмеген жөн. Бізде мұндай бірлі-жарымды еңбектер бар. Оған да шүкір. Бірақ аз табысқа малданбай, әлі де тер төгіп еңбектенуіміз қажет, – дейді ол.

PS. Тарихи деректерге жүгінсек, өз-өзіне сенімсіз саяси режим ғана үрейді ұтымды пайдаланады. Өз құлқынын ойлайтын билікке дамудың қажеті жоқ, ал дамығысы келіп, әділдік орнатуға ұмтылған халқын тежеу үшін түрлі фобияны қолданады. Кейде жақсылықтан гөрі жамандықты алаулатып бірінші беріп жататын телеарналарымызға қарап, биліктің рухани жұтаң халін, теріс пиғылын көргендей боламыз.

76767654

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз