Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

91 просмотров

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы арасындағы Сириядағы жағдайды реттеу мәселе төңірегіндегі ынтымақтастықтың тоқталуы туралы мәлімдемеге байланысты өзінің зор өкінішін білдіреді.

Мәлімдеме мәтінін ведомствоның баспасөз қызметі таратты.

Оқиғалар барысының бұл бағытта дамуы осы қасіретті көп шеккен елде қантөгіс пен адам өлімінің одан әрі жалғасуына әкелуі мүмкін, сондай-ақ бұдан бұрын қол жеткізген барлық келісімдер мен таяу болашақта жағдайдың реттелуі перспективасына қауіп төндірмек. Сириялық дағдарыстың шешімін іздестіру мәселесінде халықаралық қауымдастықтың екі негізгі факторы, яғни РФ мен АҚШ арасындағы келіспеушіліктер және ушыққан алшақтық алаңдаушылығымызды тудыруда. Бұның өзі қақтығыс шиеленісуінің кеми түсуіне және күллі Таяу Шығыс өңіріндегі жағдайдың тұрақтануына ықпалын тигізбейді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 10 қыркүйектегі мәлімдемесінде Қазақстан РФ мен АҚШ арасындағы Сириялық дағдарысты реттеу жөніндегі ортақ жоспарды әзірлеуді көздеген уағдаластықты қолдаған болатын. Сириядағы бейбітшіліктің орнауына үміт берген бұл жоспардың іске аспағаны біздің терең алаңдаушылығымызды тудыруда.

Осыған орай, гуманитарлық дағдарыстың шиеленісуі мен Сирия халқының қайғы-қасіретін тоқтату мақсатында осы мәселе бойынша РФ мен АҚШ арасындағы келіссөздерді жедел түрде қайта қалпына келтіруге шақырамыз.

Загрузка...