Қазақстан шекарасынан „Камаз„ көлігімен арақ алып өтпек болған азамат ұсталды

174 просмотров

Қазақстандық шекарашылар спирттік өнімдерді акциздік маркасыз шекара асырмақ болғандардың жолын кесті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

„Еліміздің батысында орналасқан Шекара қызметінің Жағалау күзеті өңірлік басқармасына қарасты «Құрманғазы — авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды жалпы саны 532 бөтелке (әрқайсысы 0,7 литр) болатын арақты акциздік маркасыз өткізуге тырысқан 61 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

«Камаз» мінген азамат Ресейге қарай сапар шегіп барады екен. Спирттік өнімдер шекаралық бақылау кезінде автокөліктің шанағынан табылды„ делінеді баспасөз хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Атырау облысының құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Загрузка...