Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жанкүйерлердің наразылығына ұшыраған Тищенко қазақ бапкерінен кешірім сұрады

Ол бұл туралы Риода ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– …Бүгінгі басты дода Левиттің жекпе-жегіне арнайы тоқталып өтіңізші. Жеңіс кімге тиесілі?

– Левит жарады! Барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Бірақ, біз алтын күткеміз. Ол сол үмітті ақтады. Үш раунд бойы қарсыласын бұрыштан бұрышқа қуып жүріп сабады.

Осындай ел көріп тұрған жеңісті, төрешілер, беттері бүлк етпестен, қарсыласына күшпен, зорлықпен алып берді.

Өздеріңіз көрдіңіздер, Риодағы барлық спорт жанкүйерлері біздің жақта болды.

Төрешілер соқыр болса да, халық соқыр емес қой.

Кімнің жеңімпаз болғанын олар көрді, білді. Бізге қолдау көрсетті. Төрешілерге қарсылығын білдіріп, айғай-шуға басты. Бірақ, құлағы керең, көзі соқыр адамға не істей аламыз. “Соқыр тауыққа бәрі бидай” деген, осы болар.

Жаңа  Левиттің қарсыласы маған келіп, кешірім сұрады. Ол өзінің жеңілгенін біліп тұр. Ол маған жеңілісін мойындағанымен әлем алдында мойындағысы келіп тұрған жоқ.

Себебі, оған “Левиттің соққысынан құлап қалмасаң болды. Сүйретіліп қалсаң да ақырына дейін шыда. Жеңісті біз саған алып береміз”, деген тапсырма болғаны анық көрініп тұр. Ол сол үшін қанша соққы алса да шыдады.

Үшінші раундта кішкене жарақатын көрсетіп, демалып алуға тырысты. Сол арқылы ол жекпе-жекті ақырына дейін өйтіп-бүйтіп жүріп жеткізді. Егер ол өтірік үзіліс алмағанда сөзсіз құлайтын еді.

– Мұндай жағдай бұрындары да Олимпиада ойындарында кездесті ме?

– Дәл осындай өрескел қылықты осыған дейін кездестірген емеспін. Бәрін АИБА есеппен істеп отырғаны айқын көрінді. Сондай-ақ, әрбір мемлекеттің өздері үшін қалай жұмыс жасап жатқанын осыдан көруге болады. Біздің жігіттер күйіп кетіп жатыр.

Соңында қайталап айтарым, біздің боксшылар елді ұялтып жатқан жоқ. Тек, әділетсіздіктің құрбаны болып жатыр.

– Әңгімеңізге рахмет!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз