Ереванда Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанның Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесті.
Сұхбаттасу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, қаржы және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кәрім Мәсімов өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты ілгерілемелі тереңдетуге бағытталған жұмысты жалғастыруға үміт артып, Қазақстанның Қырғызстанмен экономикалық қатынастарды дамытуға баса мән беретінін айтып өтті.
Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов Армения Республикасы Президенті Серж Саргсяннің ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшыларымен ұжымдық кездесуіне қатысты.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Ереванға барды.