Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан мен Ресей полицейлері қызметтесудің жолдарын жетілдіруде

IMG_0604Делегация басшылары екіжақты ведомствоаралық қатынастардың даму барысына жоғары баға беріп, алғашқы бірлескен алқа мәжілісінің шешімдерін (Астрахань қ., 2015 жыл) іске асыру, әсіресе, шекаралас аймақтарда қылмысты алдын ала тергеуді жүзеге асырудағы ынтымақтастық жанданғанын айтты.

Қалмұханбет Қасымов қылмысқа қарсы күрес мәселесіндегі министрліктердің өзара іс-әрекеті жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Отырыс барысында екі мемлекеттің экстремизмге қарсы күресте бірлесе әрекет ету мәселелері талқыланды. Террористік және экстремистік қылмысқа қатысы бар іздеуде жүрген адамдар, террористік және экстремистік ұйымдар туралы ақпарат алмасуды жандандыру жолдары қаралды.

Сондай-ақ кездесуде жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдарының екі жақты ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы сөз болып, оны жетілдіру шаралары пысықталды. Бұдан бөлек тараптар автокөлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, сонымен қатар көлік құралдары мен оны ұрлауға қатысы бар адамдарды іздеу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізу жөнінде өзара іс-қимыл жасау туралы жедел мәлімет алмасуды жандандыру жолдары туралы пікір алмасты.

Отырыс қорытындысы бойынша делегация басшылары экстремизммен күрес және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шешімге қол қойып, бірлескен алқа отырысының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз