Қазақстан Халықаралық Валюта қорынан қарыз алмайды – ҚР Ұлттық Банкі

30 просмотров

Қазақстан Халықаралық валюта қорынан қаржылай қарыз алуды жоспарлап отырған жоқ. Алайда техникалық көмекке жүгінуді ынтымақтастық аясында жалғастырады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов мәлімдеді деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметіндегілер.

Пірматовтың айтуынша, 2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі Халықаралық валюта қорына инфляциялық таргеттеу режиміне көшу шеңберінде техникалық көмек көрсету, атап айтқанда ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалану және талдау мен болжау жүйелерін жақсарту мәселелері бойынша өтініш білдірген.

Осы тұрғыдағы өтініш алда әлі де жасалуы мүмкін. Ал қаржылай көмек алу жоспарда жоқ екен.

ХВҚ өңірлік конференциясының 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтетінін, оған қатысу үшін Оралық Азия, Кавказ, Еуразиялық өңір елдерінің экономикалық тобының бірінші басшылары шақырылғанын еске саламыз.

Конференция барысында өңірдегі экономикалық жағдайды және ортамерзімді перспективада тұрақты дамуға жәрдемдесуді талқылау жоспарланып отыр.

Загрузка...