Қазақстан FIFA рейтингінде жүздікке енді

26 просмотров

FIFA (Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясы) жариялаған шілде айының рейтингісінде Қазақстан 15 саты жоғарылап, 97-орынға көтерілді.

Бұл туралы azattyq.org хабарлайды.

Өткен айда 112-орында тұрған Қазақстан құрамасы 7 маусымда Қытаймен өткен жолдастық матчта 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Осы нәтиже үшін FIFA Қазақстанға 47 ұпай берген.

Қазақстан FIFA рейтингінде үздік жүздікке соңғы рет 2001 жылы (98-орын) енген.

Биылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен Португалия 8-орыннан 6-орынға, финалға шыққан Франция 17-орыннан 7-орынға шықты. Ал Ресей 29-орыннан 38-орынға, Украина 19-орыннан 30-орынға төмендеді.

Келесі рейтинг 11 тамызда жарияланады.

Загрузка...