Оңтүстік Қазақстан облысында түйе палуандар арасында 22 палуан ақтық кезеңде сынға түсті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік барысын» бапкерлер Шымкентте орналасқан жоғары шеберлер спорт мектебінің ғимаратында анықтады. Белдесуге келген палуандардың салмағы 80 келіден төмен болмады. Жарыста «Қазақстан барысында» қоладан алқа таққан шымкенттік Жұманазар Ерсұлтанов бас жүлдені жеңіп алды.