«Қазақстан барысы» турнирінде Шығыс Қазақстан өңірінің балуаны Айбек Нұғұмаров жеңіліп қалды

158 просмотров

Астанада төрінде өтіп жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі қойылған «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде осы чемпионаттың әр жылдағы екі жүлдегері кездесті.

«Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирден беріліп жатқан «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде белдескен балуандардың алғашқы нәтижелері жария болды.

Алғашқы айналымда «Қазақстан Барысының» 2011 жылғы тұңғыш чемпионы Ұлан Рысқұл мен 2013 жылғы «Қазақстан Барысын» иеленуші Шығыс Қазақстан балуаны Айбек Нұғұмаров белдесті. Аса тартысты белдесуде Ұлан Рысқұл жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ұлан Рысқұл бірінші рет өзі туып-өскен Алматы облысының атынан өнер көрсетуде.

Осыған дейін «Қазақстан Барысының» екі дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев та қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Загрузка...