Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Қазақстан барысы – 2016” республикалық турнирінің бас жүлдесін тағы Бейбіт Ыстыбаев ұтып алды

178

“Көрермен көз айымы” марапатына Алматы қаласының палуаны Виктор Демяненко, ал “2016 жылдың үздік палуаны” болып 4 секундта жеңіске жеткен Александр Козачев айқындалды. Бірінші палуанға 1 миллион теңге мен автокөлік кілті табыс етілді. Екінші палуан да автокөлік кілтіне ие болды.

ІІІ-орын иегері – Жамбыл облысының палуаны Айбол Айтбек. Оған 1 миллион 800 мың теңгенің сертификаты мен қола белбеу табыс етілді.

ІІ-орын иегері – оңтүстік қазақстандық палуан Жұманазар Ерсұлтанов (лақап аты – Жақсықұл). Оған 5 миллион 500 мың теңгенің сертификаты мен күміс белбеу табыс етілді. Ал оның жаттықтырушысына 1 миллион 800 мың теңгенің сертификаты берілді.

І-орын иегері – үш дүркін “Қазақстан барысының” чемпионы Бейбіт Ыстыбаев . Оған 25 миллион теңгенің сертификаты мен алтын белбеу берілді. Оған қоса Бейбіт Ыстыбаевқа алтын тай тұяқ пен Астанадан пәтер кілті табыс етілді. Ал оның жаттықтырушысы 3 миллион 500 мың теңгенің сертификатын иеленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз