Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанға кіріп алған Ресей банктері біздің елге шығын әкелмек – экономист

Айта кетелік, қыркүйек айында АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейге салынған санкцияны тағы ұзартып, ұзын-сонар тізімді жариялады. Оның ішінде Ресейдің ВТБ және Сбербанктің Қазақстандағы еншілес компаниялары да бар. Жалпы, аталған банктерге санкция 2014 жылы салынған. Содан бері бұл санкция жылдан жылға ұзартылып келе жатыр. Биыл да солай болды.

Ал Ресейдің бас банктері өз түсініктемесінде

АҚШ санкциясының қазақстандық тұтынушыларға ешқандай кері әсері болмайды, деп баса айтып келеді.

Ол банктің сыртқы, яғни халықаралық қаржы нарықтарындағы іс-қимылдарына шектеу қоятын көрінеді. Мәселен, АҚШ-тан арзан несиеге ақша ала алмайды, америкалық қор биржаларында құнды қағаздарды саудалап, сауда-саттық жасай алмайды дегендей…

Қаржыгер Ілияс Исаев ресейлік банктердің Қазақстандағы еншілес компанияларына салынған санкция Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциясын тежеуге бағытталады деп пайымдайды.

– Маусым айында Елбасы Ресей мен Қазақстанның бірлесіп жүзеге асыратын 25 млрд доллардың жобасы бар деп мәлімдеді. Одан тыс, мысалы, қазір бір Алматыда 1000-ға жуық қазақ-орыс кәсіпорыны жұмыс істейді. Міне, олардың қаржысы емін-еркін айналыста болуы үшін банктердің қалтқысыз жұмыс істегені керек. Бастысы, мұндай біріккен кәсіпорындар үшінші нарыққа тауар тасымалдауды мақсат етеді. Міне, осы арадан кедергі туындауы ықтимал, – дейді маман.

Демек, банктерге салынған санкция ең алдымен аймақтағы экономикалық интеграцияны тежейді.

Ілияс Исаевтың айтуынша, қазақстандық банктер үшін бұл жаңалық тек қуаныш сыйлайды екен.

Сондай-ақ қазақстандық тұтынушыларға да оның үлкен қаупі жоқ көрінеді. Өйткені тұтынушы қызмет көрсететін банкін ауыстырамын десе, өз еркінде, оған ешкім тыйым салмайды.

– Ресейдің ВТБ және Сбербанкі – қаржы нарығындағы алыптар. Олардың Қазақстан нарығына келуі мұндағы бәсекелестік талаптарды күшейтеді. Ал алып банкті сырттан біреулер әлсіретіп жатса, әрине ол жергілікті банктердің жамбасына оң келеді. Мұндайда санкция деген сөзді құлағы шалған банктің тұтынушылары сақтық шарасы негізінде одан ақырындап кете бастайды. Сөйткен тұтынушылар депозиттерін, шоттарын қазақстандық банктерге алмастыра алады ғой.

Қаржыгердің айтуынша, бұл арада біріккен жобаларға салынған ақшаға қауіп төнеді. Ал, әдетте біріккен жобаға мемлекет қазынасынан қаражат шығарылады. Немесе ол халықаралық банктерден несиеге алынып беріледі.

Қалай дегенмен де, бұл – Қазақстан мемлекетінің шығыны.

– Мемлекетаралық ірі жобалар болады. Оған мемлекеттер кепілдік беріп, ақша салады. Мұндай тәуекелі жоғары дүниені Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер өз мойнына ала бермейді. Ол ВТБ немесе Қазақстан Даму банкі сынды ірі банктермен жүзеге асырылады. Ал ұзақ мерзімді, мемлекеттік, интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға аударылған қаражаттың есеп-айырысу және басқа да банктік операцияларын санкция салынған банкте болуы, әрине қауіпті, – дейді маман.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз