Қазақ шекарасынан түрікмен келіншегі 28 мың долларды заңсыз алып өтпек болды

56 просмотров

Маңғыстау облысының «Темір-баба» кеден бекетінде шамамен 28 мың доллар ақшаны алып өтпек болған Түркменстан азаматы ұсталды.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Маңғыстау облысының «Темір-баба» бекетінде кедендік рәсімдеу кезінде 34 жастағы түрікмен келіншегі өзімен бірге тіркейтін қандай да бір нәрсенің жоқтығын айтқан. Алайда кедендік тексеру кезінде оның сөмкесінен заңдық негізі көрсетілмеген 27 мың 900 доллар ақша табылған.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасына сәйкес, шекарадан өту кезінде 10 мың доллардан артық ақша декларациялануы тиіс. Ақшаның заңды жолмен табылғанын дәлелденуі керек.

Белгіленген шектен аса қаражатты шекарадан алып өтпек болып, заң бұзған азаматқа қатысты қазір әкімшілік іс қозғалды.

 

 

Загрузка...