Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақша білмеген мекеменің масқарасы шықты

122

Ол қалалықтарға жылу энергиясы үшін қарызы туралы келіп түскен хабарландырудың суретін жүктепті. Ескерту хаттың қазақша мәтінінде былапыт сөздер жазылған.

“Қазақша түсінбейтіндерге: неміс сантехниктері туралы фильмді көз алдарыңызға елестетіңіздер. Егер қарызды төлемесеңіз осындай қылайын деп тұр бұлар”, – деп жазды Әлімбеков.

Оның айтуынша, мұндай хабарландырулар қала тұрғындарының тең жартысына келген.

Tengrinews.kz порталына берген түсініктемесінде “Алматы жылу желісі” ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина өз серверлеріне біреулердің бұзып кіргенін, бірақ ол арадағы қызметкерлер мұны білмей, осы құжаттың мәтіні дұрыс екен деп басып шығарғанын айтқан.

Демек, мекемеде қазақша білетін бір жан болмағаны ғой. Әйтпесе, бұл масқара құжаттың қаланың тең жартысына тарап кетуін қалай түсінуге болады?..

Қалай дегенмен де осылайша масқарасы шыққан Алматы жылу желісі өздерінің сайтында қала тұрғындарынан осы хабарландыру үшін кешірім сұрап, ағаттық жібергендерін мойындаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз