Қазақ-Ресей шекарасынан есірткі алып өтпек болған 17 жасар бойжеткен ұсталды

73 просмотров

Ол «Көкшетау — Омбы» бағытындағы автобуста кетіп бара жатқан.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Петропавл шекара отряды маңындағы „Бидайық авто„ өткізу бекетінің сақшылары шекарадан марихуана алып өтпек болған 17 жасар Қазақстан азаматын ұстады.

Ол «Көкшетау — Омбы» бағытындағы автобуста кетіп бара жатқан. Оның жүк сөмкесіндегі қошқыл жасыл түсті, иісі бар 10 грамм затты иісшіл ит тапқан.

Бұл факті туралы жақын маңдағы Уәлиханов аудандық ішкі істер департаментінің өкілдері хабардар етілді.

Жүргізіліп жатқан «Көкнәр-2016» жедел-профилактикалық шарасы әлі жалғасын табуда.

Загрузка...