Қазақ радиосының ғимаратында енді радиохабарлар емес, газет-журналдар даярланады

41 просмотров

Қазақ радиосының ғимаратында енді радиохабарлар емес, газет-журналдар даярланбақ. Баспасөзде орны елеулі «Қазақ газеттері» және «Жасөркен» серіктестеріне қарайтын бірнеше басылым бүгін радионың бұрынғы ғимаратына қоныс аударды.

Зиялы қауым өкілдері ескі де жаңа ғимаратқа кірер алдында тұсаукесер жасап, шашу шашып, журналистердің қызметіне сәттілік тіледі.

90 жылдық тарихи бар радионың көшірілетіні жайлы ақпарат шыққанда халық арасында тарихи орын «ұстағанның қолында» кете ме деген алаңдаушылық туған.

Енді «Баспалар үйінен» көшкен газет-журналдар жаңа қоныстағы жұмысымызды ерекше қарқынмен жалғастырамыз деп құлшынып отыр.

Загрузка...