Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақ отбасына келін болып түскісі келетіндердің білуі міндетті 25 қағида

607

Сондықтан бұл ретте қазақ келінінің жанұясындағы міндеттерін тізбелей кетелік:

1. Ерте тұрып от жағу, шай қойып, дастархан жаю, ата-енесіне сәлем салу.
2. Төсек-орнын жинап, үй ішін сыпырып, жуу.
3. Үй жиһазын, ыдыс-аяқты күтіп ұстау, тамақ істеу, кір жуу.
4. Баласының, күйеуінің киімін үтіктеп, оқуға, жұмысқа таза, ұқыпты киініп баруын қамтамасыз ету.
5. Отбасы қаржысын үнемдеп жұмсау, оны екінші жалақыға дейін жеткізе білу.

6. Тұрғын үй төлемдерінің уақытында төленуін бақылауға алу.
7. Ағайынның бір-бірімен араласуына, сыйластықта өмір сүруіне ықпал жасау.
8. Қонақжайлылық таныту.
9. Өзінің үсті-басын күтіп-ұстауы, отбасында ұрыс-керістің болмауына өзін де жауапты екенін сезінуі.
10. Үй ішінің ескі-құсқыдан құтылып, төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқтың, азық-түлік түрлерінің жаңарып, жақсаруына ұйытқы болу.

11. Үлкендер алдында жалаңбас жүрмей, орамал тартып жүруі.
12. Омырауын, балтырын, ішін жалаңаштап көрсететін киім-кешек кимей, әдепті болу, дауыс көтеріп сөйлемеу, қатты күлмеу.
13. Ата-енесінің, бала-шағасының, өзге адамдардың алдында күйеуімен ұрыспау, дөрекі мінез танытпау.
14. Үлкен адамдардың алдын кесіп өтпеу, олардың көзінше ыржалақтап күлмеу, әзілдесіп-қалжыңдаспау.
15. Үй жануарларын (малды, итті, мысықты) аяқпен теппеу, ұрмау.

16. Дастархан басында, ата-енесінің алдында арақ-шарап ішпеу, стақан, рюмке соғыстырмау, оны қолға да алмау.
17. Ата-енесінің төсегіне отырмау, оған жатпау.
18. Үй ішінде әбес бейне-фильмдерді көрмеу, музыка ырғағымен билемеу, дауыстап ән шырқамау.
19. Баласын емізгенде ешкімге омырауын көрсетпеу.
20. Жуылған іш киімдерін өзгелер көретін жерге іліп қоймау.

21. Ата-енесінің, күйеуінің келісімінсіз орынсыз қонақ шақырмау.
22. Жұрт көзінше әдепсіз қимылдар жасамау.
23. Үй ішін таза ұстау.
24. Өсек, өтірік айтпау, мақтанбау.
25. Отбасының береке-бірлігін, күйеуінің беделін ойлау, ата-анасының сағын сындырмау, төркіншіл болмау.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз