Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақ күресінен тараздық балуан әлем чемпионы атанды

111

Үш күнге созылған байрақты бәсекеге 28 елден 205 спортшы қатысты. Алтыншы рет өткізіліп отырған әлем чемпионатында бес салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуандар сәтті өнер көрсетіп, бес алтын, бір қолаға қол жеткізді. Тараздық жас балуан финалда эстониялық қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Қазақ күрес клубының» мүшесі болып табылатын Дәулет келешегінен үлкен үміт күттіретін спортшы. Ол бұған дейін бірнеше спорттық додаларда жеңіс тұғырынан көрінді. Алдағы уақытта да талай қарсыласын шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Аталмыш қасиеттер спортта көп нәрсеге қол жеткізуге зор мүмкіндік береді», – дейді Жамбыл облысының бас бапкері Руслан Мұхамедғалиев.

Дәулет Пахлединов бұған дейін самбодан және қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері және «ІІ Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының» жеңімпазы атанған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз