Футболдан Қазақстан чемпионатының 27-ші турында “Астанамен” кездескен “Ақтөбенің” ойыншысы, ұлттық құраманың белді футболшысы Алексей Щеткинге ойын алдында белгісіз біреулер хабарласып, «осы ойынға қатыссаң, оңдырмаймыз» деп ескертіпті.
Қоқан-лоққы жасағандардың пиғылы тым қауіпті болса керек, Щеткин қорыққанынан бұл ойынға қатысудан бас тартыпты.
Бұл туралы “Ақтөбенің” бас бапкері Юрий Уткульбаев мәлімдепті.
Щеткиннің жоқтығынан “Ақтөбенің” ойыны ақсап, олар 1:2 есебімен “Астанадан” ұтылып қалды.