Қазақ футболы тағы масқара болды. Біздің қыздар енді 8:0 есебімен ұтылыпты

62 просмотров

Өткенде ғана Франция құрамасынан 17:0 есебімен ұтылған футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы кеше Шотландия құрамасынан 8:0 есебімен тағы ойсырай ұтылды, деп хабарлайды vesti.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы Евро-2017 іріктеу туринирінде осымен екінші рет ірі есеппен жеңіліс тауып отыр.

Турнир Шотландияда өтіп жатыр.

Шотландияның қыздары ойынның алқашқы минутында-ақ есеп ашып үлгерген, ал бірінші таймды 3:0 есебімен аяқтаған.

Қазақстан құрамасы енді топтағы соңғы ойынын қазанның 15-і күні Хорватия қыздарына қарсы өткізеді.

photo_84793

Загрузка...