Қаза болған Әйгерім Оспанбекованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

104 просмотров

Із-түзсіз жоғалған Айгерім Оспанбекованың кісі өлтірудің құрбаны болғаны анықталды, — деп хабарлайды ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 мамыры күні ОҚО ІІД Сарыағаш АІІБ-не 53 жастағы жергілікті тұрғын, 1998 жылы туылған қызы Оспанбекова Әйгерім Суннатқызы 2016 жылдың 10 мамыры күні Шымкент қаласы бағытына үйінен шығып, із-түссіз кеткенін хабарлаған болатын.

Аталған жайт ОҚО ІІД Сарыағаш АІІБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, кейіннен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23.05.2016 жылы, сағат 18.00-дер шамасында Сарығаш АІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Бағыс ауылының маңында белгісіз әйел тұлғаның мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Сарығаш ауданы Бағыс ауылына баратын тас жолдан 130 метрдей қашықтықтан мойны мен оң қолы және аяғы скотчпен және белбеумен байланған, түрлі дене жарақаттарын алған әйел кісінің денесін анықтады.

Жедел-тергеу тобы табылған мәйіттің із-түссіз кеткен Оспанбекова Айгерім Суннатқызы екенін және сот-медициналық сараптамасы жәбірленушінің кеуде тұсынан алған дене жарақаттарынан қайтыс болғанын анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, ОҚО ІІД-нің тәртіп сақшылары 1990 жылы туылған Сарығаш ауданының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады.

Тергеу барысында анықталғаны, жол жүру барысында күдікті мен жәбірленушінің арасында екеуара жанжал туындап, нәтижесінде күдікті жәбірленушінің кеуде тұсынан темір бұрағышпен бірнеше рет ұрып өлтірген. Содан соң, жәбірленушінің мәйітін Сарыағаш ауданы, Бағыс аулының маңына апарып тастаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің ақшасы мен ұялы телефонын қолды еткен.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ajgerim3-e1463069769144

Загрузка...