Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қаза болған азаматтардың балалары жазғы лагерьде тегін демалады

ҚР білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр қаза болған азаматтардың балаларына Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында тегін, әрі олардың жағдайын оңалтуға қажетті деп табылатын мерзімге дейін демалуларына мүмкіндік берілетінін мәлімдеді.

Ұсынылып отырған орталықта балалардың толыққанды демалып, психологиялық тұрғыдан сауығуларына барлық жағдай жасалған. Тұрмысқа жайлы тұрғын үй кешендері, құнарлы тағам, медициналық бақылау, концерттік және спорттық алаңдар, әртүрлі үйірмелер мен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

Елбасы бүгінгі күнді, яғни 9-маусымды Ақтөбедегі теракт құрбандарына арналып қаралы күн етіп жариялағанын айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз