Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қаза болған ақтөбеліктердің отбасына 1 миллион теңге бөлінетін болды

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі террорлық актінің салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айтты.

Ақтөбедегі 5-маусымдағы қанды оқиғада қаза тапқандардың бірі – «Паллада» қару-жарақ дүкенінің 44 жастағы сатушысы Андрей Максименко жұмыс орнында көз жұмды.

Сол бір қарғыс атқан сағатта дүкен жанында болған 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 33 жастағы Мерхан Тәжібаев, 35 жастағы Михаил Матросов та қылмыскерлердің кездейсоқ құрбандарына айналды.

Міне, осы қаза болған бейбіт тұрғындардың отбасыларына 1 миллион теңгеден бөлінетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, 5-маусымда қылмыскерлер Ақтөбеде «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасап, содан соң ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөліміне басып кірмекші болған. Қанды оқиғаға қатысқан қылмыскерлердің 11-нің көзі жойылып, 7-еуі жарақаттанған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз