Австралия көгінде метеор жарылып, үйлер дірілдеді

135 просмотров

Австралияның түнгі аспанында метеор жарылып, айналаны жап-жарық етті.

Бұл ерекше табиғи құбылыс сәрсенбіге қараған түні Квинсленд штатында болған деп хабарлады ABC телекомпаниясы.

Осы штаттағы Глэдстоун, Грэйсмир және басқа да шағын қалалардың тұрғындары аспан айнала жап-жарық болып, үйлердің дірілдегенін, одан соң алыстан дүмпудің естілгенін айтқан. Ерекше табиғи құбылыстың куәсі болғандар аспанда отты шар көргендерін айтады.

Gladstone Observer газетіне сұхбат берген астрофизик Джонатан Макдауэлл оны метеор деп болжап отыр. «Бұл үлкен метеор болуы ықтимал. Шамамен үлкендігі 1 метр болуы мүмкін, яғни оның бөлшектері Жер бетіне дейін жетіп отыр», — деді ғалым. Алайда бұл, әзірге расталмаған болжам ғана.

Полицияның нақтылауынша, осы оқиға бойынша зардап шегушілер және қирауға қатысты ақпарат келіп түспеген.

Загрузка...