ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Егізбаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.
Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Ауылшаруашылығы институтын, 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері академиясын бітірген.
2015 жылы “Құрмет” орденімен марапатталған. Негізгі мамандығы – “агроном”.