Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ауылшаруашылығы министрі Елбасыға аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту туралы баяндады

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтудың және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Асқар Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 млн гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз