Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ауылшаруашылығы мақсатындағы 243 мың гектар жер игерілмей жатыр – Асқар Мырзахметов

«Қайта өңдеуге жарамды 243 мың гектар жер әлі күнге пайдаланылмаған. Қордағы жерді пайдалануға шығару деңгейі де өте төмен. 10 жыл бұрын қорда 108 млн гектар жер болған. Оның тек 8 миллионы ғана ауылшаруашылығы қолданысына берілген. Демек, жылына 0,8 пайыз көлемде жер қолданысқа шығарылған» дейді Ауылшаруашылығы министрі.

Министр 2011 жылы шетелдіктердің қатысуында біріккен кәсіпорындардың жерді сатып алуына да тыйым салынғанын ескерте кетті.

– Егер бұрын шетелдіктердің үлесі есепке алынбаса, 2011 жылы оған тыйым салынған. Енді тең құрылтайшы – қазақстандықтың үлесі 50 пайыздан асса, онда мұндай біріккен кәсіпорын жерді мемлекеттен жалға ала алады. Онда да арнайы конкурсқа қатысуы керек. Ал жекеменшіктен сатып алуына мүлде тыйым салынған. Шетелдіктерге жерді 25 жылға беру туралы норма кеше аяқ астынан пайда болған жоқ. Бұл норма 2015 жылдың 1 қаңтарында енгізілген болатын. Демек, бұл норманың жұмыс істеп жатқанына 1,5 жыл болды. Бірақ соған қарамастан осы күнге дейін Ауылшаруашылығы министрлігіне де, Ұлттық экономика министрлігіне де жалға алу бойынша әлі бірде-бір құжат келіп түскен жоқ, – дейді Асқар Мырзахметов.

Кеше, яғни 14 мамырда Астанада Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссия ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Бұның алдында, Мемлекет басшысы халық арасында дау тудырған Жер Кодексінің бірқатар түзетулеріне мораторий жариялаған.
Комиссия төрағасы болып ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, оның екі орынбасары – «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен екінші орынбасары (келісім бойынша) «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіров болып бекітілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз