Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік тетік жайлы мәлімдеді.
Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды.
Елімізде жыл соңына дейін 150 ауылшаруашылығы копперативі құрылмақ. Олардың ісі тез жандануы үшін арнайы несиелендіру тетігі де қарастырылған.
«Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдері бекітілді, Игілік – ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау бекетін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңын құру», – деді вице-министр.
«Жоғарыда айтылған іс-шараларға байланысты министрлік әрбір облыста пилоттық жоба жүзеге асырылатын аудандарды анықтау үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Ол жерде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың талаптарын қанағаттандыратын кооперативтер құрылады. Ал келесі ретте сол кооперативтердің тәжірибесін өзге аймақтарда көбейту үшін пайдаланылады», – деді вице-министр.