Ауылдың жолдарын жаңалау керек — Қасым-Жомарт Тоқаев

38 просмотров

Қазақстан жол сапасы көрсеткiшi бойынша 107-орында тұр. Бұл туралы ҚР Парламентi Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өңiр» депутаттық тобының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» жолдауының автомобиль жолдарын салу бағытына арналған дөңгелек үстел барысында мәлiмдедi.

Бұл туралы Baq.kz Хабарлайды.

— ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Астанадан басқа өңiрлерге дейiн» тұжырымы бойынша автожолдар желiсiн салуды тапсырды. Қазақстандағы автомобиль жолдары — негiзгi жол, ал көптеген өңiрлер үшiн жалғыз қатынас жолы болып табылады. Өңiр арқылы жол өткiзу — өңiрлiк бизнестiң өнiмдiлiгiн 1,5 пайызға арттыратыны туралы мамандардың пiкiрi бар. Жол құрылысы жұмыстарының сапасына және қаражаттың тиiмдi жұмсалуына ерекше назар аудару керек. Елбасы айтқандай әрбiр теңге қатаң бақылауда болады, — дедi Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, елiмiздегi жол тораптарының сапасы қоғам қажеттiлiгiне толық сәйкес келе бермейдi және мұны мойындау керек. Көптеген автомобиль жолдарының жағдайы сын көтермейдi.

— Дүниежүзiлiк экономикалық форумның берген бағасына сәйкес, Қазақстан жол сапасы көрсеткiшi бойынша 107-шi орында тұр. Ауылдық жерлердегi жолдарды жаңғырту мәселесiн де қолға алу қажет. Бұл агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуға және ауыл тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигiзедi, — дедi Сенат төрағасы.

Загрузка...