Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Ауылбайский» болғымыз келмейді. Қазақтар қайда бара жатыр?

190

Ресми сандар – өтірік: Алматыда қазір 2,8 млн адам тұратынын Бауыржан Байбектің өзі мойындаған.

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиновтің айтуынша, кезінде дүркіреп тұрған көп ауылда қазір кемпір-шалдар ғана тұрады. Қалғаны түгел қалаға көшіп жатыр. Содан келіп, ауылдарда мектептер жаппай жабылып жатыр.

– Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай, Күршім аудандарында, Нарынқолда да осындай жағдай. Марқакөл мен Алакөлде де осындай күйді кешіп отыр. Басқа өңірлердің де оңып тұрғаны шамалы. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындағы шекаралық ауылдардың жағдайы сын көтермейді, халықты тұрақтандыру мен шоғырландыру мәселелерін мемлекеттік деңгейде шұғыл қолға алуымыз қажет. Шынын айту керек, бұл мәселе халықты қатты алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, бұған ешкім назар аударар емес, – дейді ол.

D8B79805-40DB-49EC-8AE0-355373B25758_cx0_cy7_cw0_w987_r1_s_r1

Қала – өлімге себепші

Ал тұрғындарының саны жыл сайын еселеніп отырған Алматы қаласының бүгінгі күйі мәз емес. КСРО кезінде жаппай урбанизация деген ұғым мүлдем болмаған. Сол себепті қалалар белгілі бір шамаға ғана есептеліп салынған. Урбанизация кезінде түрлі өзекті проблемалар орын алуы мүмкін. Жерге, баспанаға деген мұқтаждық артып, бағалардың шарықтап кеткенін көзіміз көрді. Әлеуметтік, экономикалық жағы өз алдына, енді елдің негізгі капиталы – адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төніп тұр.

Әрине, урбанизацияның жүруі – заңдылық. Тарихқа үңілсек, өркениетке қадам басқан әрбір мемлекет урбанизацияны бастан кешірген. 1900 жылы бүкіл әлемде қала халқының үлес саны – 13 пайыз болса, ғасырдың аяғына таман 50 пайыздан асқан. Алайда Алматы мен Астана бастаған біздің қалаларымызды құрылысы әу баста халық саны көбеюі мүмкін деген болжаммен салынған Еуропаның ірі шаһарларымен салыстыруға мүлде келмейді.

Алматы қазір әлемдегі ең лас қалалардың алғашқы отыздығында тұр. Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Өскемен де қоқыс пен түтінге тұншығып жатқан қалалар қатарында. 1000 адамға 300-350 көліктен келетін қаланың экологиясы бұзылмай қайтсін? Керек десеңіз,

Алматы көшелерінде күніне миллионға жуық көлік жүреді.

Қазақстан – жүрек-қан тамырлары ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлем бойынша алғашқы орындарда келеді. Бұл дерттен жылына шамамен 80 мың адам өледі. Онкологиялық аурулардан жылына 18 мың адамнан айырылып отырмыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтағандай, әлемдегі әрбір сегізінші өлім қаладағы лас экологиядан болады екен.

6d60d4cbec2d1e07178692dfd25

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз