Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ауыл адамдары мен полиция арасындағы төбелеске қатысты түсініктеме берілді

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылқақ ауылында жедел әрекет ету арнайы жасағы ауыл тұрғындарын соққыға жыққан. Салдарынан жергілікті тұрғындар орташа деңгейлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Олардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жергілікті халық Артемия салина шаяндарын заңсыз аулап, сатумен айналысады. Табиғат байлығы талан-таражға түсіп, жағдай ушығып бара жатқан соң құқыққорғаушылар көмекке жедел әрекет ету жасағын шақырған. Олар өздеріне қарсы шыққан ауыл тұрғындарының аптығын күштеп басуға мәжбүр болған.

Арнайы жасақ браконьерлерге қарсы «самбо» тәсілін қолданыпты. Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу амалдары басталып, екі қылмыстық іс қозғалды.

Назымбек Жүнісов, облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Біз ешкімді жақтамаймыз. Ішкі қауіпсіздік қызметі қазір тергеу жүргізіп жатыр. Егер біздің қызметкерлерімізді кінәлі деп тапса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ауыл тұрғындарының әрекеті де қылмыстық жауапкершілік шеңберінде қаралатын болады. Тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқаны туралы да нақты түсініктеме береміз.

Бейсенбек Әлиев, облыстық прокуратура екінші басқармасының басшысы:

– Бүгінгі таңда сотқа дейінгі өндіріс белсенді түрде жүріп жатыр деуге болады. Біздің нұсқауымыз бойынша іс материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қарауына жіберілді Тергеу жұмыстары біздің бақылауымызда. Қазіргі күні ауыл тұрғындарынан 11 арыз келіп түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз