Қауіпті қылмыскерді құрықтаған екі полиция қызметкері марапатталды

51 просмотров

Қызмет кезінде оқ тиіп жараланған елордалық екі полицей Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Президентінің ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

20160508094954

«Осы жылы 27 ақпанда сағат 22.00-де Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлері полиция старшинасы Марал Тұрғымбаев пен полиция сержанты Ерболат Рысбеков  қызмет бабында өнеркәсіп кешені орналасқан ауданның бірінде жасалған ұрлық жайлы хабарлама алды. Діттеген жерге жеткен олар құрылыс вагоны ішіндегі адамдардың құжаттарын тексеріп жатқанда ер адамның бірі екі полицейге тапаншадан оқ атты. Оқиға жабық кеңістікте, жарығы әлсіз, күтпеген жерде орын алды» делінеді баспасөз қызметі хабарламасында.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскүнемнің бұрын бірнеше рет сотты болғаны, оның ішінде кісі өлтіргені анықталған.

Бірнеше жерден жараланған полицейлер ауруханаға шұғыл жеткізілген. М.Тұрғымбаевқа төрт жерден, Е.Рыспековке екі жерден оқ тиген.

Загрузка...