Бүгін ел аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек батыста, солтүстік-батыста күн ашық.
Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ болуы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.