Ауа-райы: Солтүстік Қазақстанда ғана жауын-шашын болмайды

48 просмотров

17-мамыр күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, тұман болады, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Тек Қазақстанның солтүстік өңірінде жауын-шашын болмайды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының бірқатар аумағында бұршақ болуы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжануда.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аудандарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды, Павлодар облысының бірмаша аумағында тұман басуы ықтимал.

Загрузка...