Ауғанстанның шығысында Нангархар провинциясындағы әскери шарада соңғы тәулікте «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының 21 содырының көзі жойылды.
Бұл туралы жексенбі күні Tolo News телеарнасы әскерилердің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазды ТАСС. Оның мәліметінше, тағы 13 содыр жарақаттанды.
“Бірнеше ауыл лаңкестерден тазартылды, қазір шара содырлардың көзін жою үшін жалғасып жатыр”, – делінген мәлімдемеде.
Дереккөз: Қазақпарат