Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ауған соғысының ардагерлері тәртіп сақшылары монументіне гүл шоқтарын қойды

266

Ескерткіш Алматы қалалық ішкі істер департаменті ғимаратының алдына орнатылған.

Шараға Ұлы Отан соғысының және ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және басқа да азаматтар қатысып, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Біз бүгін қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ескерктішіне олардың рухына тағзым ету және ерліктеріне құрмет көрсету үшін келдік. Осыдан үш күн бұрын полиция қызметкерлері өз өмірлерін қиып, аса қауіпті қылмыскерді ұстады.

Осылайша, талай адамның өміріне төнген қауіпті жойды. Бұл жігіттер, берген антына адал болып, әскери және азаматтық борышын соңына дейін өтеді. Олар нағыз батырлар! – деді өз сөзінде «Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров.

Бұдан кейін шараға қатысушылар қаза тапқан полиция қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін оған қатысушылар Алматы қалалық ішкі істер департаменті мұражайын аралады.

Естеріңізге сала кетелік, Алматыда 2016 жылдың 18 шілдесінде болған лаңкестік әрекет салдарынан 28 жастағы полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетов, 24 жастағы полиция сержанты Мақсат Сәлімбаев және 42 жастағы полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапты. Ертеңіне ауруханада Жол-патрульдік полиция қызметінің мамандандырылған батальонының 29 жастағы аға инспекторы Тимур Бегасылов көз жұмды. Оны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін Алматы облысының Есік қаласында өтті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз