Атыраудың бұрынғы әкімі Нұрлыбек Ожаев «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Бұл лауазымда болған Ерболат Бектеміров өз еркімен отставкаға кетуге өтініш білдірді. Ол аймақтағы саяси тұрақтылыққа, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге сүбелі үлес қосты. Ерболат Бектеміровтің орнына бұл қызметке Нұрлыбек Ожаевтың кандидатурасын ұсынамын», – деді өңірлік саяси бюро отырысында сөз сөйлеген аймақ басшысы, облыстық филиалдың төрағасы Нұрлан Ноғаев