Атырауда су басқан үйлердің тұрғындары көшіріліп жатыр

18 просмотров

Атырау тұрғындарын көшіріп жатыр, деп хабарлайды жергілікті әкімшілік қызметіне сілтеме жасаған ATPress. Оның себебі үйлерді су алумен байланысты. Бүгіндері су басқан үйлерден 17 адамнан тұратын бес отбасы басқа жаққа, жалдамалы пәтерге көшірілген.

2

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Атыраудың 12 көшесінен, 15 үйінен және 31 ауласынан су сорып алғанын хабарлайды.

Оның сыртында әлі 5 көше, 8 үй, 39 аула, 3 мектеп және 2 балабақша нөсер жаңбыр салдарынан пайда болған шалшық судан арыла алмай жатыр. Кейбір аумақтағы су көлемінің биіктігі 18 см құрайды.

Алдында жергілікті билік Атырауда үш күн бойына жауын-шашын толассыз жауатынын, кейбір аудандағы жер үйдегілерге уақытша басқа жаққа көшіп бара тұруларын сұрап, хабар жеткізген.

Загрузка...