Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Атырауда үш дәрігер алаяқтығы үшін жауапқа тартылды

Дәрігер-психиатрлар жүйкесі сыр берген жандарға көлік құралдарын басқару куәлігіне қажет анықтамаларды заңсыз жазып беріп отырған. Дәрігерлердің бұл былығы прокурорлық тексеру кезінде белгілі болды.

– Қала прокуратурасымен Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына заң бұзушылықтарды жою үшін прокурорлық актілер тіркеліп, облыстық психиатриялық жүйке-тамырлар диспансерінің 2 дәрігері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы біреуі психиатр қызметінен босатылды. Бұған қоса қала прокуратурасының ұсынысына сәйкес ішкі істер департаменті заңсыз берілген жүргізуші куәліктерінің құқығын тоқтату бойынша Атырау қалалық сотына арыз түсірді, – дейді Атырау қалалық прокуратурасының қызметкері Айбек Қанатбеков.

Қазір прокуратура қызметкерлері аталған медициналық мекеме қызметкерлері мен арнайы тіркеуде тұрғандардың барлық әрекеттерін тіркеп, тексеру жүгізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз