Атырауда Мемлекеттік кіріс басқармасы жетекшісінің орынбасары парамен ұсталды

23 просмотров

Ол қызмет бабын асыра сілтей пайдаланып, жүйелі түрде пара алып отырған деп айыпталады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

„ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Атырау облысындағы департаменті бірнеше мәрте пара алған Атырау қалалық Мемлекеттік кіріс басқармасы жетекшісінің орынбасары А.Ырзағұлованың қылмысын әшкере етті„ делінеді алдын ала таратылған баспасөз хабарламасында.

Ырзағұлова салық есебін өткізу, есепшот ашу, қосымша құн салығы бойынша есепті кедергісіз өткізу қызметі үшін бірнеше кәсіпкерден жүйелі түрде ақшалай және заттай түрде заңсыз сыйақы алып отырған.

„Кезекті параны, яғни 130 мың теңге алып жатқан жерінен Ырзағұлова құрықталды. Қазір ол өз кінәсін мойындап, процесуальдық келісімге отыру туралы өтініш жазды„ деп хабарлады құзырлы органның баспасөз қызметіндегілер.

Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Загрузка...